Қазақстан шөлді-шөлейтті аймақтарды игеру мақсатында мал шаруашылығымен айналысатын көптеген совхоздар құрылды. Соның бірі 1964 жылдың қаңтар айының 27-сінде алғашқы қазығы қағылған Жаңадария совхозы еді. Совхоз директоры Ж.Бисариев ел көшіп келе бастағаннан мектеп жасындағы балаларды оқыту үшін бір бөлмелі бастауыш мектеп үйін салдырып, 1964-1965 оқу жылында бастауыш мектеп ашылып, алғашқы мұғалімі Еспенбетов Нағым болды.
1967-1968 оқу жылында бастауыш мектеп сегіз жылдық болып ашылды. 10 класс бөлмесі бар жаңа мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді. Сегіз жылдық мектеп директоры Орынбаев Әубәкір болды. 1969-1970 оқу жылында 8 жылдық мектеп, орта мектеп болып ашылды. Мектепке директор болып Аяпов Қали келді. 1974-1981 жылдары Пірманов Алтай, 1981-1987 жылдары Өтегенов Қасым, 1987-1993 жылдары Әйтімов Мұрат, 1993-2000 жылдары Желдербаева Нұржамал, 2000 жылдан 2010 жылға дейін Жанасбаева Нағима болды. 2010 жылдан 2018 жылға дейін Төлегенов Шағанбек Махатайұлы, 2018 жылдан 2025 жылға дейін Жусупбеков Ерлан Косымович, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Жаманов Мейрамбек Елубаевич басқарып келеді.
Баланың білімге қызығушылығын арттыру, оқушымен жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырып, оқушының оқуға деген қабілетін арттыру үшін еңбек еткен: Н.Еспенбетов, Р.Исахметова, Р.Әзбергенова, Ә.Сағаділдаев, Г.Филимонов, А.Жаңашева, Г.Азмаханова, М.Ертуғанов, С.Бұйраев, Ш.Әбдірахманов, В.Суздалеева, Ш.Оспанов, Ж.Тұрғанов, ЕДосжанова, Қ.Қалмаханова, Д.Еспенбетова, С.Жалғасбаева, М.Мамытов, Қ.Нығметова, А.Аймағанбетов, Е.Байділдаев, К.Садақбаева, Ә.Әлімбетов, Г.Тұрғанова, Р.Өтегенова, Р.Байдуллаева, А.Құрманшиева, М.Оспанова, Ұ.Иманова, М.Иманова, А.Жақыпбаев, А.Рахметов, Ж.Оразбаева, К.Баймұратова, А.Байтенова, Б.Епенова, С.Тұрмаханов, Ғ.Еспанова, Г.Құлмұратова, Х.Иьясова, Н.Ерболатов, Г.Ақпанбетова, К.Айтпанова, А.Өтенәлиева, Г.Пірназарова, Ә.Өтегенов, М.Айтпанов, Д.Оспанов, Қ.Әйтімов, С.Айтқұлов, А.Тәттібаева, Р.Бермаханова, М.Нұрмахашов, С.Тілеубаев, Ж.Спанбетова, С.Жаңашов, М.Каримова, А.Садақбаева, С.Әлиева, Д.Қойшығұлова, Ә.Төремұратов, Д.Берденов, Б.Сариева, Б.Әбдімаратов, Р.Ильясова, Ә.Бақбергенов, Н.Аманжолова сияқты мұғалімдер болды.
Мектеп – тәрбие мен білімнің бастауы десек алғашында бастауыш, 1967 жылы негізгі білім беретін, ал 1970 жылдан орта мектеп болып, өсу мен өрлеу үстінде мектеп 1988 жылы 624 оқушыға арналған жаңа ғимаратқа орналастырылды. Қазіргі мектеп жарық та жылы, білім алуға толық жағдай жасалған білім ордасына айналды.